Трамп жылдар бойы салық төлемеген
Трамп жылдар бойы салық төлемеген
АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеген, - деп хабарлайды The New York Times газеті салық декларацияларына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, Трамп 2016 жылы президент болған кезде 750 доллар табыс салығын төлеген. 2017 жылы да осы соманы төлеген.
NYT мәліметінше, ол үнемі айтатын кәсіпорындардың шығыны оны табыс салығын төлеуден айтарлықтай босатады. Президентті Trump National Doral Miami курорты мен Вашингтондағы Trump International Hotel қонақүйі шығынға батырған.
Трамптың өзі NYT ақпаратын жалған деді.
Trump Organization қорғаушысы Алан Гартеннің айтуынша, "фактілердің көбі, барлығы дерлік нақты емес". Ол президент соңғы он жылда үкіметке ондаған миллион жеке салық төлегенін атап өтті.