Әлемде

Қырғызстанда «Яндекс.Такси» кеңсесіне тінту жүргізілген

Өйткені, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтергені анықталған

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында «Яндекс.Такси Корп» ЖШС мен оның серіктестерінің кеңселерінде тінту жүргізді. 
Бұл туралы Қырғызстанның БАҚ өкілдері ведомствоның мәлімдемесіне сүйене отырып жазды.
ҰҚМК мәліметінше, компания мен оның серіктестері Экономика министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметі қабылдаған шараларға қарамастан, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтерді, бұл қызмет құнының жасанды өсуіне әкеліп соқтырды.