Әлемде

Қытайда тұмау өршіп тұр: басым бөлігі «гонконгтік» штаммен таралып жатыр

Вирус наурыз айының соңынан бастап елдегі жетекші штаммға айналған.

Қытайда таралып жатқан тұмау жағдайларының басым бөлігі A(H3N2) вирусына, яғни «гонконгтік» штаммға тиесілі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аспан асты елінің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми мәліметіне сүйенсек, тіркелген тұмау ошақтарының шамамен 87 пайызы осы «гонконгтік» штамммен байланысты. 

Вирус наурыз айының соңынан бастап елдегі жетекші штаммға айналған.

Наурыздың соңынан желтоқсан айының ортасына дейін Қытайда кемінде 10 адам бір мезгілде ауырған 6 499 тұмау ошағы анықталған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Әсіресе қараша айының соңында эпидемиологиялық жағдай күрт ушығып, бір апта ішінде 1 500-ден астам жаңа ошақ тіркелген. Кейін сырқаттану деңгейі сәл төмендегенімен, желтоқсан ортасына қарай A(H3N2) вирусының үлесі 80 пайыздан асып кеткен.

Қазан–қараша айларында тұмау бір мезгілде елдің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде таралып, індеттің бүкіл Қытайды қамтығаны байқалған. Сарапшылар мұндай өсімді қыркүйек айындағы салыстырмалы тұрақты кезеңнен кейінгі маусымдық серпіліспен байланыстырады.

Айта кетейік, A(H3N2) тұмау вирусы алғаш рет 1968 жылы Гонконгта анықталған. Бүгінде ол әлемде кең таралған маусымдық тұмаудың ең белсенді штаммдарының бірі саналады