Әлемде

Қытайдың бюджет шығыны биыл рекордтық деңгейге жетеді

Бұл туралы Қытайдың қаржы министрі Лань Фоань мәлімдеді.

Қытайдың бюджет шығындары биыл алғаш рет 30 трлн юаньнан (шамамен $4,35 трлн) асады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Silk way телеграм арнасына сілтеп.

Бұл туралы Қытайдың қаржы министрі Лань Фоань мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа мемлекеттік облигациялар шығару көлемі де рекордтық деңгейге жетіп, 11,89 трлн юань болады. Ал орталық үкіметтің жергілікті билікке бөлетін трансферттері 10,42 трлн юаньға дейін ұлғаяды.

Білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және тұрғын үй саласына бөлінетін шығындар 12,4 трлн юаньнан асады. Сонымен қатар ғылым мен технологияны қолдауға шамамен 1,3 трлн юань бағытталады, ал тұтыну мен жеке инвестицияны ынталандыру үшін 100 млрд юань бөлінеді.