Әлемде

Әзербайжан Армения қақтығысы үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласады – сарапшы

Әзербайжан Армения қақтығысы үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласады – сарапшы

Сарапшылар бірауыздан қазір Әзербайжан мен Армения арасындағы ұрыс қимылдарын толыққанды соғыс деп бағалауда. Демек, таяу күндері оқ ату тоқтатылмаса, болса, қақтығыс халықаралық текетіреске ұласуы мүмкін.

Бұл соғысқа алғышарт іздеудің қажеті шамалы. Текетірес ғасырлар бойы жалғасып келеді. 2016 жылы сәуірдегі 4 күндік қақтығысты есепке алмасақ, соңғы үлкен соғыс 1991-94 жылдары болды. Ресми Баку үшін Таулы-Қарабақ Әзербайжанның аумағына кіреді. Олардың айтуларынша Армения тұрғындардың сепаратистік пиғылы, гибридті соғыс технологиясын қолдана отырып, осыдан 30 жыл бұрын өңірді оккупациялап, яғни басып алды. Ал ресми Ереван үшін Қарабақ армяндардың жері. Сонау антика дәуірінен бері мұнда кейін армян ұлтының қалыптасуына ұласқан үнді-еуропалық нәсілді тайпалар мекендеп келеді. Картадан қарайық. Қалың көк түспен белгіленген аумақ Таулы-Қарабақ автономиялық облысы. Ақшыл көкпен айшықталған аумақ соған жапсарлас орналасқан Әзербайжанның аудандары. Күрең түспен Армения белгіленген. Бакудің мәлімдеуінше Армения Карабақты былай қойып, оның іргесіндегі, Армениямен шектесетін Әзербайжанның жеті ауданын оккупациялап алған. Нәтижесінде өзін-өзі жариялаған Таулы-Қарабақ республикасы өмірге келді. Армения тарапы оны Арцах атайды. Алайда оның тәуелсіздігін біздің Қазақстанмен бірге әлемнің бірде-бір мемлекеті мойындаған жоқ. 90-шы жылдары ерікті ретінде майданға аттанып, жеті жылын соғыста өткерген Рашад Мәмедов қазір Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі. Дәл қазір ұрыс қимылдарын бастауға түрткі болған себептерді сұрадық. Айтуынша жағдайды қарсы тарап ушықтырған. Рашад Мәмедов, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстандағы Армения елшісіне де бардық. Гагик Галачян мырза Әзербайжанның әрекетін агрессия ретінде бағалап отыр. Әзербайжанның кең көлемде ұрыс қимылдарын бастауға бірінші кезекті Түркия мұрындық дейді. Гагик Галачян, Армения Республикасының Қазақстандағы Елшісі:

Есте болса, қақтығыстың екінші күнінде Түркияның Ф-16 жойғыш ұшағы Арменияның Су 25 ұшағын атып түсірді деген ақпарат тараған болатын. Мұның сыртында ресми Ереван Әзербайжан тарапы Сириядағы Түріктердің ықпалындағы содырларды алдыңғы шепке алдырып жатыр деп айыптады. Рашад Мәмедов, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Түркия қақтығысқа тікелей араласпаса да моральдық тұрғыда бауырлас елді қолдайтынын ашып айтуда. Тіпті минск тобы тең төрағалары АҚШ, Франция және Ресей лидерлерінің ұрысты тоқтатуға үндеген мәлімдемелеріне қарымта жауап қатты. Реджеп Тайып Эрдоған, Түркия президенті:

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

Макронның бұл мәлімдемесі Әзербайжан президентінің ашуын туғызып отыр. Себебі БҰҰ-ы қабылдаған 4 қарар да Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қол сұғылмауы тиіс деп мойындайды. Яғни Таулы-Қарабақтан Арменияның оккупациялық күштері шығарылуы тиіс. Олар кетпесе күшпен шығарғаннан басқа не амал? Қазіргі соғыстың себебі де осы. Алайда ресми Ереван кетпейміз дейді. Әзербайжан армиясын Армения тұрмақ, Таулы Қарабаққа да жолатпаймыз дейді. Айтуларынша бұл ондағы халықтың талап тілегі. Гагик Галачян, Армения Республикасының Қазақстандағы Елшісі:

Аңдасақ тараптардың өліспей беріспейтін түрі жоқ. Тек түйткіл осымен тәмам болса кәні? Себебі қай сарапшы болмасын соғыс сценарийі осылай өрби беретін болса, қақтығыстың екі елмен шектелмейтініне сенімді. Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бұл қақтығысқа араласа қоюы халықаралық құқық тұрғысынан алсақ мүмкін емес. Себебі әлем таулы Қарабақтың окупацияланғанын мойындайды. Осы тұста біздің Қазақстанның рөлі қандай болу керек деген сұрақ бар. Себебі 91-жылы Назарбаев Ельцинмен бірге Бакуге барып, тараптарды татуластыруға әрекет жасаған болатын. Дос Көшім, саясаткер:

Армения елшісі бұл қақтығысқа Түркия белсене араласып отыр деп санайды. Және айтуынша Сириядағы жиһадшыларды қақтығыс аумағына тарту тағы бір жаһандық проблема туғызады. Яғни оңтүстік Кавказда Ауғанстан, Сирия, Ливия сияқты соғыс ошағы қалыптасуы мүмкін. Айтпақшы бұндай қауіптің барын Қазақстандық сарапшы да жоққа шығармайды. Мұрат Лаумулин, саясаттану ғылымдарының докторы:

Бұл дегеніңіз: Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

zakon.kz