91 оқушы «Мың баланың» қатарына енді

60

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысқан жамбылдық 335 оқушының 91-і жеңімпаз атанып, үздік «Мың баланың» қатарынан көрінді.
14 желтоқсан күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттап, ноутбуктар табыстады. Марапаттау рәсімі барлық ауданда бір мезетте өткізілді.
Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауыл оқушыларына арналған білім бәйгесіне облыс бойынша 28 507 оқушы қатысқан.
Жеңімпаздардың 33-і 5-сыныпты, ал 58-і 6-сыныпты тәмамдаған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес 6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады.
Еліміздегі дарынды балаларға арналған мектептердің басым бөлігі оқушыларды 7-сыныптан бастап қабылдайтынын ескеріп, 5-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болды.

 

Кәмшат ҚАДЫР