«Balapan» арнасының анимациялық жобалары АҚШ-та көрсетіледі

0 44

Алдағы уақытта «Balapan» арнасының 5 анимациялық жобасы АҚШ-та кабельдік арналар, ал Латын Америкасы елдерінде VOD және онлайн-каналдар арқылы көрсетіледі. Бұл туралы «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай Facebook парақшасында жазды.

«Енді «Тынымсыз шөжелер», «Сәби», «Еркелер», «Шахмат патшалығы», «Пырақтар» жобаларын аталған елдерде ағылшын, испан және португал тілдерінде көру мүмкіндігі бар. Келісімшарт АҚШ-тың желілік және спутниктік хабар тарату қызметін жүзеге асыратын «Olympusat» компаниясымен жасалды.
Сонымен қатар «Balapan»-ның анимациялық жобалары Ресейдегі №1 онлайн-кинотеатр саналатын IVI.RU платформасына жүктеледі. Енді «Күлкі іздеген Күнекей», «Сәби», «Еркелер» мультсериалдарын аталған платформадан тамашалауға болады.
Айта кету керек, IVI.RU платформасының контенті бір айда 50 миллионға жуық қаралым жинайды.
Бұл – арна мен еліміздегі анимация тарихындағы айтулы оқиға. Арнаның барша көрермендерін осынау маңызды да ірі жетістікпен құттықтаймыз», деп жазды «Balapan» телеарнасының директоры.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.