Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

0 79

Бүгін Астанадағы №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Жамбылинфо Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов Біртановты санавиация бойынша ақтағанын, ал басқа айыптар бойынша 5 жылға бостандығын шектегенін айтты.

Сот Біртановты санитарлық авиация ұшағын пайдаланды деген айып бойныша толықтай ақтайды. Өзге айыптаулар бойынша Біртановтың 5 жылға, оның орынбасары Әбішевтің 4 жылға бостандығы шектелді,

— деді судья.

Елжан Біртанов пен оның сол кездегі орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты сот процесі 26 мамырда басталды. Ал тергеу 2 жылға жуық жүргізілді.

Естеріңізге салсақ, экс-министр соңғы сөзінде мемлекеттік айыптаушылардың жеткілікті дәлел ұсына алмағанын айтқан болатын.

Осыдан екі апта бұрын прокурор Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Еске салайық, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында қамауға алынды. Ал 7 қарашада бұлтартпау шарасымен үйқамаққа ауыстырылды. Тергеу екі жылға созылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.