Әлеумет

Инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қамқорлық» қайырымдылық қоры және «Самұрық-Қазына-Траст» ұлттық әлеуметтік қорының қолдауымен Тараз қаласындағы №9 және №35 орта мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Инклюзияны қолдау кабинеттеріне 27 түрлі жабдық, арнайы жиһаз, оқу құралдары, дамытушы ойыншықтар, монтессори, кіріктірілген оқыту және дамытушы бағдарламалары бар интерактивті панель қойылды. Оқу аймағынан басқа, жұмсақ аймақ, гамактар, швед қабырғасы, мұғалімдерге арналған жабдықтар қарастырылған. Кабинеттерге 30 жылдан астам кепілдікпен арнайы бактерияға қарсы беті бар фин өндірушісінен үздік оқу жиһазы сатып алынған. Инклюзияны қолдау кабинеттерінің арқасында ерекше білім беруді қажет ететін балалар үйдегі оқытудан мектеп ортасына шығарылады. Айта кету керек, «Қамқорлық» қоры мен «Болашақ» корпоративтік қорының есебінен ҚР БҒМ жанындағы жұмысшы тобы әзірлеген бағдарлама бойынша 20 маман арнайы курстан өтті.