Облыс оқушылары – білім биігінде

0

3-4 желтоқсан күндері 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өткізілген ХІІІ Президенттік олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Дәстүрлі дода биыл қашықтықтан ұйымдастырылды. Олимпиада үш кезеңде өтіп, бірінші кезеңге облыс бойынша 60-тан аса оқушы қатысты.
Ал ақтық кезеңге облыстан 11 оқушы іріктеліп алынды.
Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша жамбылдық 5 оқушысы жеңімпаз атанды. 2 оқушы І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен, 2 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен, 1 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.
Атай айтсақ, І орынды Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Тұрарбек Сымбат және Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Тойжігіт Нұржас жеңіп алды.
Жүлделі ІІ орынды Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Мусатаева Мерей және Атакулова Назерке иеленді. Ал Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Бидайшиев Шыңтас ІІІ орынға ие болды.
Жамбыл облысының командасы Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде командалық ІІІ орынға ие болды.

 

Кәмшат ҚАДЫР

Leave A Reply

Your email address will not be published.