Партиялық топтардың қоғамдағы беделін арттыру керек

0

Облыста «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының есеп беру жиналыстары басталды.

Аптаның алғашқы күнінде аудандар мен Тараз қаласындағы 53 бастауыш партия ұйымында есеп беру жиыны өтті. Солардың қатарында партияның Жамбыл аудандық филиалына қарасты «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы да бар. Бектөбе ауылының мәдениет үйінде өткен жиынға бастауыш партия ұйымының мүшесімен бірге партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов та қатысты.  Алғашқы мәселе бойынша «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы Мөлдір Қырықбаева баяндама жасады. Ол   ішкіпартиялық жұмыстардың жаңаша ұйымдастырылып, партиялық топтардың қоғамдағы беделін арттыруға күш жұмсалып келе жатқандығын айтты. Қазіргі таңда «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымында 5 топ, 183 партия мүшесі бар. Ұйым мүшелерінің дені білім және денсаулық сақтау қызметкерлерінен тұрады. Соңғы 2 жылда 23 азамат партия қатарына қабылданған. Бастауыш партия ұйымы төрайымының баяндамасынан соң партиялық топ жетекшілері Роза Бөпетаева, Балауса Сабиржанова, Мөлдір Нуралиева жарыссөзге шықты. Жиында «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымы Бюросының құрамы, партия ұйымының төрайымын және орынбасары сайланды. Бұл жолы да бастауыш партия ұйымының мүшелері ұйымға 11 жылдан бері абыроймен жетекшілік жасап келе жатқан Мөлдір Қырықбаеваға сенім артты.

Фарида Базарбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.