Қашықтан оқытуға байланысты вебинар өтті

0 76

Жамбыл – «Өрлеу» тренері Назира Абдикеримова «Ата-аналар мен оқушылар үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында вебинар жұмысын жалғастыруда.
Онлайн-вебинар барысында ата-аналар үшін қашықтықтан оқыту кезінде оқушының жұмыс орнын және күн тәртібін ұйымдастыру, компьютермен және интернет желісімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті ұйымдастыру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту кезінде балаларды психологиялық сүйемелдеу, интернет желісінде балалардың жұмысын ата-аналық бақылау ережелері бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар оқушылар үшін күн тәртібі, интернетте жұмыс істеу ережелері, гигиена мәселесі және сергіту және денсаулық тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.