Қазақстандықтар атақты Версаль сарайына виртуалды экскурсия жасай алады

0 34

Қазақстандықтар атақты Версаль сарайына онлайн экскурсия жасай алады.

«1 сәуір күні Версаль сарайына өнертанушы гид Гарри Сафарянмен бірге виртуалды саяхат жасай аласыз! Экскурсия орыс тілінде өтеді.

Сіздер Версаль сарайының тарихы жайлы біліп, оның салондары мен апартаменттерін видеоматериалдар (картина, мүсіндер) мен суреттерден көре аласыздар», — делінген хабарламада. Экскурсия кезінде виртуалды келушілер өнертанушы гидке сұрақтар қойып, Франция тарихымен тікелей байланысты сарай құпиялары жайлы білуіне болады.

Бұл бірегей және эксклюзивті онлайн экскурсия Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:30-да басталады. «Қызықты саяхаттан құр қалмау үшін @franceaukz парақшасындағы «Онлайн мәдени шараларға жазылу» taplink-ін басу арқылы өтіп, формулярды толтыру керек. Тіркелген қатысушылар сілтемені шара болатын күні алады», — деп түсіндірді ҚР-дағы Франция Елшілігінен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.