Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

0 7

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады.

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 1 мамыр сенбіге дәл келіп отыр.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар сенбі, жексенбі, дүйсенбі 3 күн қатарынан демалады.

Сонымен қатар, 9 мамыр жексенбі демалыс күнге келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 7, 8, 9, 10 мамыр күндері тағы демалатын болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.