Сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы 2 есеге артты

0 98

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Президенттің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында айтылған білім беру саласындағы тапсырмаларының іске асырылуы туралы баяндады.

Мемлекет басшысының Жолдауында елімізді дамытудың негізгі бағыттары айқындалған. Білім және ғылым мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Президенттің тапсырмасы бойынша біз үздіксіз білім беру тұжырымдамасын қалыптастыру, қашықтан оқыту платформасы және 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға қол жеткізу бойынша жұмыс жүргіземіз», — деп атап өтті А. Аймағамбетов. Бұл ретте, қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, мемлекеттік тапсырысты енді білім бөлімдері немесе басқармалары бөлмейді. Оның орнына балабақшаға жолдама алған балалардың ата-аналары мектепке дейінгі ұйымды өздері таңдайды. Әрине, осындай бәсекелестік есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасы да өсуі тиіс. Қазақстанда қашықтан оқыту аясында 8 онлайн-платформа жұмыс істейді. Алайда, олардың барлығы функционалы мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Оқу процесін толыққанды іске асыру үшін ҚР БҒМ білім берудің онлайн-платформаларына бірыңғай талаптар әзірлейді. Сондай-ақ ҚР ДСМ-мен бірге барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқыту форматына көшу тәртібі әзірленеді. Мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25%-ға арттыру үшін Білім және ғылым министрлігі тиісті есептеулерді дайындады және 2023 жылға дейін қаржыландыру аясында Қаржы министрлігіне енгізілді. «2020 жылдың қыркүйегінен бастап, Президент бұған дейін тапсырғандай, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақы екі есе өседі, ал мұғалімнің магистрлік дәрежесі үшін 27 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы төленеді», — деді министр. Ауыл және қала мектептері арасында білім беру сапасын теңестіру мақсатында жүйелі шаралар қабылдануда. Шағын жинақты мектептердің педагогтарына еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту ұсынылды. «Мобильді мұғалім», «уақытша отбасы» жобаларын іске асыру, мықты мектептердің әлсіздерге қамқорлығы, сондай-ақ интернаттар салу жоспарлануда. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері Президенттің ерекше назарында. Еліміздің хабарлама рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылуы өте маңызды қадам болады. Балаларды кибербуллингтен қорғау, қосымша білім беру ұйымдарын дамытумен бірге балалардың спорт секциялары мен үйірмелерін жаппай ашу әкімдіктер мен білім беру ұйымдары қызметінің сөзсіз басымдықтарына айналады. Оқушыларды бұқаралық спорт түрлерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыс жаңа және жүйелі негізде ұйымдастырылады. Мектептерде спорт залдары салынып, ұлттық және бұқаралық спорт лигалары дамиды. Бүгінгі таңда үздіксіз білім беру тұжырымдамасын дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Біліктілікті берудің тәуелсіз жүйесі қайта қаралады. Сондай-ақ барлық деңгейдегі білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Пәннің мазмұны еңбек нарығының талаптарын ескереді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие жұмыстары басталды. Білім алушылардың экологиялық мәдениет, экологиялық білім және тәрбие деңгейін арттыру үшін үздіксіз білім берудің кешенді моделі енгізілетін болады. Мектеп бағдарламасына экология мәселелері енгізіледі. Президент сондай-ақ әлсіз ЖОО-лар проблемасын толығымен шешуді тапсырды. Министрлік «диплом басып шығаратын» жоғары оқу орындарын жабу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Жыл басынан бері студенттер саны 35 мың ЖОО-лар саны қысқартылды, 23 жоғары оқу орнының 56 лицензиясы қайтарылды. Талаптар күшейтілуде. Жоғары оқу орындарына қарқынды тексерулер жүргізілуде: 2020 жылдың соңына дейін 24 ЖОО тексеріледі. Дәстүр бойынша Президент ғылымды дамытуға көп көңіл бөлді. Ғылыми және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, елімізді ғылыми-технологиялық дамыту бойынша жеке бағдарламалық құжат дайындалады. Қазір 500 ғалымның жетекші ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Сонымен қатар «Жас ғалым» жас ғалымдарына қосымша 1000 грант бөлінеді. Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым мен технологияларды дамытуға 1% аудару жөніндегі норманы тиімді іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады. «Білім және ғылым жүйесі осы тапсырмалардың барлығын жоғары деңгейде және уақытылы жүзеге асыруы тиіс», — деп түйіндеді министр.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.