Әлеумет

Таразда тілсіз жаудан 14 адам құтқарылды

Бүгін Тараз қаласындағы көпқабатты пәтердің балконынан өрт шығып, ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 14 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

ТЖД қызметкерлері өрт алаңы 5 ш.м. құрағанын, қызыл жалын сағат 13:59-де ауыздықталғанын айтады.

«14 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда,-дейді сала мамандары.

Жалпы, оқиға орнына 27 қызметкер  және 9 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылған.

Тахмина Әшірбай

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті