Әлеумет

Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 5 жас ғалым үйлі болды

Жас ғалымдарға пәтер беріле бастады

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 5 жас ғалымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған шарада жас зерттеушілерге пәтер сертификатын ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин салтанатты түрде табыстады.

Жаңа пәтердің иесі атанған жас ғалымның бірі - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Молекулалық биология және генетика кафедрасының ғылыми қызметкері Әйгерім Қуанбай жаңа қонысын көрсетіп, жас ғалымдарды қолдап, баспана берген мемлекет басшысына алғысын айтты.