Ұстаздар күнделікті екі құжатты ғана толтыруға міндетті

113

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздардан артық есепті талап еткені үшін 50-ден астам білім беру ұйымының басшысы жазаланғанын айтып өтті.

«Бұл бағытта батыл шаралар қолға алынды. Заң қабылданды, норма нақты бекітілді, заңға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Қазір барлық процестерді реттеудің нақты тетіктері бар. Қазір біз педагогтың күн сайын екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін бекіттік, олар – сынып журналы, қазір оны көпшілігі электронды түрде толтырады және сабақ жоспары. Одан басқа құжаттарды мұғалім күнделікті толтыруға міндетті емес. Жылына бір рет күнтізбелік-тақырыптық жоспар дайындалады», дейді министр.

Асхат Аймағамбетов педагогтен артық есеп сұрау бойынша шағымдар келіп түскенін және нақты шаралар қабылданғанын қоса кетті.

«Биылғы жылдың өзінде осы норманы бұзу бойынша білім беру ұйымдарының 50-ден астам басшысы жазаланды»,  дейп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

egemen.kz