Жамбыл мектептерінде 1 510 кезекші сынып ашылды

0 46
Облыста жаңа оқу жылында 234715 оқушыны қамтитын 442 мектеп жұмысын бастады. Биылғы жылы бірінші сыныпқа 23 мыңнан аса оқушы келді.
Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта өтеді.
Облыстағы 258 мектепте 206,7 мың оқушы қашықтықтан және эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елді мекендерде орналасқан 184 мектепте 23235 оқушы дәстүрлі түрде білім алуды жалғастыратын болады.
Облыста қашықтықтан оқыту «Даrуn Onlinе», «EduPage», «Google Classroom» білім беру платформалары арқылы жүргізіледі.
Қашықтықтан оқытатын 258 мектептегі бастауыш сыныптарда 1510 кезекші сынып ашылды. Онда 20112 оқушы білім алатын болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.