Жамбылдық 20 оқушы бірегей мектепте білім алады

0 72

Жамбыл облысындағы дарынды 20 оқушы білімдерін «Бурабай» курорттық аймағында орналасқан «IQanat High School of Burabay»-да жалғастыратын болады.
Жаңадан ашылған бірегей мектепте IQanat олимпиадасына қатысып, барлық кезеңдерінен және мектептің іріктеу тестінен сүрінбей өткен ауылдың дарынды оқушылары тегін білім алатын болады.
«IQanat High School of Burabay»-да оқу ҚР БҒМ мемлекеттік стандарттарына сәйкес үш тілде жыл бойы жүргізіледі. Бұдан бөлек, барлық оқушыларға мәтінді қолмен енгізу функциясы бар Ноутбук-трансформерлер ұсынылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.