Жамбылдық жас өнертапқыштар республикалық жарыста бақ сынауда

0 111
Бүгін облыс әкімдігі білім басқармасы техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері республикалық жас өнертапқыштар жарысына қатысты.
Байқау талаптары бойынша жас өнертапқыштар өз қолдарымен автокөліктер, кемелер және әуе көліктерінің шағын үлгілерін құрастырып, оларды ашық алаңда сыннан өткізуі қажет.
Аталған байқау 3 күнге созылады. Бірінші күні оқушылар әуе модельдері және зымыран модельдері бойынша сынға түсті. Бүгін, байқаудың екінші күні, радиомен басқарылатын көлік модельдері классы бойынша Тараз қалалық №23 орта мектептің оқушысы Кочетков Данил, №12 мектеп-гимназиясының оқушысы Темірхан Абдрахман және №38 орта мектептің оқушысы Байділдаев Руслан қатысып, өз жобаларын сарапшылар алдында қорғады.
Жарыстың үшінші күні өнертапқыштар өз қолдарымен жасаған кеме модельдерін назарға ұсынады.
Айта кету керек, еліміздегі пандемия жағдайына байланысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жарыс биылғы жылы онлайн түрде ZOOM бағдарламасы арқылы өтті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.