«1 миллион ата-ана қатысады». Елімізде ауқымды акция басталды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді
Елімізде «Отбасым – мақтанышым» атты ауқымды акция басталды. Оған 1 миллионнан астам ата-ана қатыспақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еліміздің мектептерінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қолдау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақатастықты нығайтуға бағытталған «Отбасым – мақтанышым» тақырыбында кең ауқымды акция басталды
Акция 12-16 қыркүйек аралығында барлық орта білім беру ұйымдарында өтеді және оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысады деп күтілуде. Жоба аясында 10 мыңнан астам ауқымды іс-шара өткізу жоспарлануда.
Басты басымдық балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту және балалардың үйлесімді дамуы үшін білім беру мекемелерінде қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.
«Отбасым – мақтанышым» акциясы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құрылған мектептердегі Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының ұйымдастыруымен өткізіледі.