Білім

2025 жылы мұғалімдердің жалақысы өсе ме?

Елімізде 400 мыңға жуық мұғалім еңбек етіп жүр

2025 жылы педагогтердің жалақысын арттыру мәселесі қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. Алайда Премьер-министр Олжас Бектенов 
елімізде мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақыны 30 пайызға дейін арттыру мүмкіндігі қаралып жатқанын айтқан болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Айта кету керек, педагогтердің жалақы мөлшері білім деңгейіне, біліктілік санатына, жұмыс өтіліне, орындалатын жұмыстың көлеміне, сондай-ақ еңбек жағдайлары үшін өтемдік және ынталандырушы қосымша төлемдер мен үстемеақылардың болуына байланысты есептелінеді.