Білім

«6 жылда 6 есеге»: Қазақстанда ғылымның мемлекет тарапынан қаржыландырылуы артты

Премьер-министр мемлекет тарапынан ғылым мен инновацияны дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып жатқанын баса айтты.

  Үкімет Президент тапсырмасы бойынша ғылым саласын қаржыландыруды алты есеге арттырдыдеп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда: 

биылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми әзірлемелерге салынатын жеке инвестицияларды ынталандыру үшін шығыстардың 300%-на дейін елеулі салық жеңілдіктері қаралған;

бюджет кодексінде жер қойнауын пайдаланушылардың кен өндіруге жұмсалатын шығыстарының 1%-ын ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту үшін бюджетке тікелей жіберу міндеті бекітілді;

инновацияларды венчурлік қаржыландыру құралдары кеңейіп, технологиялық брокерлік пен бизнес-акселерацияны қолдау шаралары күшейтілді;

ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру үшін түрлі қаржы құралдары енгізілуде;

коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру аясында бизнестің ең төменгі қосымша қаржыландыру үлесі айқындалды.