Білім

"Біліктілік санатын бермей қойған". Мұғалім сотта жеңіп шықты

Ұстаз Астанадағы білім басқармасын сотқа берген

Астаналық мұғалім өзіне "мұғалім-модератор" санатын беруден бас тартқан қалалық білім басқармасын сотқа берген. Сот мұғалімнің арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

Астанадағы білім басқармасы жұмыс өтілі жеткіліксіз деген сылтаумен тарих пәнінің мұғаліміне "мұғалім-модератор" санатын беруден бас тартқан.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау бес жылда бір реттен кем емес өткізіледі деген негізде мұғалімнің өтінішін қабылдамаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес талапкердің мұғалімдік өтілі 5 жылға жетпейді.

"Мұғалім-модератор" санатын ала алмаған ұстаз Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген.

 

 

Сот білім басқармасының арызданушының біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келіп, істі мұғалімнің пайдасына шешті.