Қазақстан оқушылар құрамасы халықаралық олимпиадада 100% нәтиже көрсетті
Беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысқан
Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, Қазақстан құрамасында алты оқушы болған. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:
Айзере Жеңісханова – күміс, Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;
Әділ Жиенбаев – күміс, Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Анастасия Пономарева – қола, Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;
Әбдіжан Ибраимов – қола, Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
Мұнар Сағымбай – қола, Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Әлихан Іскендір – қола, Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
• Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;
• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
• Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.