Қазақстанда тағы да алты елді мекен ваучерлік қаржыландыруға қосылды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты дербестендіру бойынша жұмыстар жалғасуда,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылдан бастап Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесі сәтті енгізілді. Ал 2025 жылдың наурыз айынан бастап пилоттық жобаға Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды қалалары, сондай-ақ Байзақ және Сарыағаш аудандары қосылды.
Ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын іске асырудың арқасында Тараз қаласының балабақшаларына кезек 12 есеге – 24 мыңнан 2 мыңға дейін, ал Түркістанда – 5 есеге-850-ден 169-ға дейін қысқарды. Осындай жағдай басқа аймақтарда да байқалады.
Жобаны биылғы жылдың соңына дейін басқа өңірлерде де масштабтау жоспарланып отыр.