Білім

Биыл елімізде мектептерге 8 мыңға жуық педагог жұмысқа орналасты

Мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда

2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында педагогтер саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 8 мыңға артып,  406 мыңға жетті, деп хабарлайды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жоғары көрсеткіші Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында тіркелген. Осылайша, өңірлердегі маман тапшылығы толығымен жойылды. Сондай-ақ мамандарға сұраныс педагог мамандығын бітірген түлектер есебінен толықтырылуда. Себебі, соңғы жылдары дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға түсушілердің оң динамикасы байқалады. Мысалы, былтыр 1500 «Алтын белгі» иегері педагог мамандығын таңдаса, биыл 1800-і таңдады.

 

 

Жалпы 2021 жылдан бастап білім беру жүйесіне жас мамандарды тарту бойынша бірқатар шаралар қабылданып келеді. Атап айтсақ, педагогикалық бағыттарға гранттар саны артты, осы мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттері үшін стипендия мөлшері 58 мыңнан 67 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлердің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы – 115-ті құрады.