Білім

Биыл жыл басынан бері елімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 28 мың жаңа орын ашылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша балабақшаларда жаңадан 28 мыңға жуық орын ашылған. Соның нәтижесінде  балаларды сапалы түрде мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 91,5%-ға өсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Елімізде президент тапсырмасы бойынша  2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың және жаңа орындарды ашудың қадамдық жоспары жасалған. Өйткені, балабақшаларда бүгінгі күні 1 млннан аса бала тәрбие алып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің өкілі айтқандай, биыл 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамту көрсеткішін 92,5%-ға дейін арттыру жоспарланған.

 Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы саны 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда.