Елімізде мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасы енгізілді
Министрлік мектепке дейінгі жастағы балалардың даму картасын автоматтандырды
Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, карта балалардың дамуын бақылауға және олардың бойында дағдылардың қаншалықты қалыптасқанын бағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова атап өткендей, бұл карта бастауыш сынып педагогтері үшін балалардың мектеп бағдарламасын одан әрі меңгеруінде маңызды құрал болмақ. Карта цифрлық форматқа ауыстырылып, Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған, бұл мектептерге ақпаратты беруде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді.