Елімізде соңғы 3 жылда шамамен 2,5 мың ауыл мектебі жаңғыртылған
2027 жылға дейін 180-ге жуық мектеп салу жоспарланған
Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл мектептерін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ауылдың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы екені атап өтілді. Сондықтан мектептердің жағдайы ауылдың тағдыры мен халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.
Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне биыл жыл соңына дейін өңірлерге мектептерді қайта жаңартудың бірыңғай талаптарын ұсынуды тапсырды. Онда білім ошақтарын күрделі жөндеу ғана емес, сондай-ақ пәндік сыныптармен жабдықтау мәселесі де қаралуға тиіс.