Білім

Енді оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен оқуға түсуі мүмкін

Ақжолтай хабарды Асхат Аймағанбетов айтты

Енді еліміздегі халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен түсе алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мәжіліс депутатының сөзінше, бұл бастама бұған дейін бірнеше рет көтеріліп, нақты ұсыныс жасалғанымен, Үкімет тарапынан қолдау таппаған. Осылайша оңды шешімнің орайы енді келген екен.

Айта кетейік, 2021 жылы мемлекет олимпиада жеңімпаздарына университеттерге гранттар мен ақшалай сыйақылар беру туралы шешім қабылдаған еді.