Білім

Халықаралық информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар төрт медаль жеңіп алды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық мектеп оқушылары информатика пәні бойынша өткен халықаралық олимпиадада төрт жүлде еншіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL және IOI өз мәресіне жетті. Бүгін Боливияның Сукре қаласында IOI-2025 халықаралық информатика олимпиадасы аяқталды.

Екі турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті:

Максим Цой – 11-сынып оқушысы, Республикалық физика-математика мектебі (Алматы) – күміс медаль

Мансур Мамадахунов – 10-сынып оқушысы, БИЛ (Қызылорда облысы) – күміс медаль

Әкежан Асқар – 11-сынып оқушысы, НЗМ (Семей) – күміс медаль

Дәужан Бекетов – 9-сынып оқушысы, №165 мамандандырылған лицей (Алматы) – қола медаль

Құрама жетекшілері:

– Astana IT University аға жаттықтырушысы Темірлан Қайырұлы Сатылханов

– IITU бағдарламалау жаттықтырушысы Айбар Мұратұлы Қуанышбай

Олимпиадаға дайындық барлық кезең бойынша республикалық "Дарын" ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өтті.