Білім

Келер жылдан бастап ұстаздар жаңа платформада жұмыс істейді

Қазір бұл бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде

Келер жылдан бастап ұстаздар жаңа платформада жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Әзімбайдың сөзінше, облыста қазір Ustaz электронды платформасын іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін бұл жайында орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі  Наталья Жұмаділдаева мәлімдеген болатын.