Білім

Колледж студенттерінің шәкіртақысы 50% өседі

Шамамен 300 мың колледж студенті енді 41 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады

2024 жылы 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50%-ға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, былтыр қыркүйекте 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.