Мектеп асханасындағы тамақтар қымбаттайды
Мұндай жағдай инфляцияның әсерінен туындаған
Үкімет отырысы кезінде премьер-министр Олжас Бектенов бір баланың тамағы орташа есеппен 500 теңгеден аспайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
“Облыс әкімдіктері инфляция деңгейін ескере отырып азық-түлік бағасын көтеруге қаржы бөлуі керек, мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін ерекше бақылауға алу керек”, – деді Олжас Бектенов.
Азық-түлік сапалы болу үшін және бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын көрсету үшін әкімдіктер жыл соңына дейін аппараттық-бағдарламалық жүйелерді орнатып, оларды “Әлеуметтік әмиян” ақпараттық жүйесін интеграциялауды қамтамасыз етуі қажет.
Премьер-министр білім және денсаулық сақтау министрліктерінің үйлестіру мен бақылаудың осалдығын атап өтті. Сондай-ақ әкімдіктердің мектеп асханаларын жаңарту және жабдықтау жұмыстарын жүргзібейтінін айтты.
“403 мектепте асхана жоқ, ондағы балалар талапқа сай ыстық тамақпен қамтылмаған. Биылғы жылдың соңына дейін өңірлер стандартты ұзақ мерзімді ас мәзірін қамтитын тамақтану стандартын қабылдауға міндетті. Бұл асханасы жоқ мектептерге де қатысты”, – деді премьер-министр.