Білім

"Педсоветтен" соң мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Бұл туралы Atyrau ONLINE интернет-басылымының Telegram-каналы хабарлады

Атыраудағы №37 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте балағат сөздер естіген соң өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Отырыс кезінде қазақ тілі мұғалімі ағылшын тілі мұғалімін «алаяқтық жасады» деп айыптаған көрінеді, деп жазады Jambylinfo.kz.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, мұғалім облыстық ауруханаға түскен. 

Ал аталған оқиғаға қатыстық Оу-ағарту министрлігі түсініктеме берді. 

Министрліктің мәліметінше, комитет жағдайды  бақылауына алған. Қазіргі таңда жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың, Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылған.