Білім

2024 жылы оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады

Оқушылардың көктемгі каникулы 21 наурыз басталады

Биыл Қазақстанның оқушылары көктемгі каникулда 11 күн демалады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, мектеп оқушыларының көктемгі каникулы  наурыздың 21-нен 31-не дейін (қоса алғанда) 11 күнге жалғасады.