Білім

"Ұстаз" платформасы  мұғалімдердің аттестациясына қалай әсер етеді

Қазақстандық педагогтар 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа платформамен жұмыс істейді

Ал мұғалімдерді аттестациядан өткізу барысында жаңа платформа үлкен рөл атқармақ. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оның сөзінше, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы енгізіледі. Онда аттестаттау автоматтандыру арқылы жүзеге асырылып, ұстаздардың кәсіби біліктілігі толықтай қамтылады. 

Биыл Жамбыл облысында біліктілік бойынша аттестациялауға 10426 педагог өтініш берген. Оның ішінде 30 жылдық  педагогикалық еңбек өтілімен 778 педагог біліктілік санатын растаған.