Білім

Таразда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 1000- ға жуық балаға көмек көрсетілмек

Акция Бала құқықтары туралы Конвенция аясында жүзеге асырылады

Тараз қаласы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, алдағы уақытта  1000- ға жуық балаға көмек көрестіледі деп күтілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тараз қалалық білім бөлімінде осы акция аясында жұмысшы тобы құрылған. Оның құрамында білім қызметкерлері, қоғамдық жұмыс пен қалалық мәслихат депутаты қамтылған. Қайырымдылық акция соңына дейін көмек көрсетілген отбасыларға санақ жүргізіп, талдау жасап, көмек көрсеткен демеушілердің, мекемелердің есептерін жинақтау т.б. шараларын атқарады.

Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында басқарма мен білім бөлімдерінде «жедел желі», Call орталығы (54-86-22)  жұмыс істеуде.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және білім бөлімінің инстаграм, фейсбук желілерінде «Мектепке жол» акциясының барысы туралы ақпараттар жарияланып отыр.

Көмекке мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыру үшін қала әкімдігінің бөлімдері, басқарма, департамент, банк саласы, техникалық, шығармашылық, өндірістік мекемелер мен  кәсіпкерлер тартылуда.

Сондай-ақ, бүгінгі күні жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға тағайындалған бір реттік қаржылай көмектер ұйымдастырылды. 

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады. Сондықтан акцияның өткізілу барысы білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауда.