Жамбыл ауданында мемлкеттік қызметкерлер диктант жазды

25

Жуырда облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен латын негізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, жазу дағдыларын қалыптастыру, бейімдеу мақсатында «Жаңа қазақ әліпбиі—рухани жаңғыру бастауы» атты диктант жазу акциясы өткізілді.
Акцияға мемлекеттік қызметшілер, әртүрлі салаланың: мәдениет, жастар орталығы, білім саласы, денсаулық сақтау, спорт, құрылыс және аудан тұрғындары қатысып, диктант жазуда белсенділік танытты.
Аталған акцияда сауатты жазған диктант иелері облыстық тілдерді дамыту басқармасының арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі