Білім

Жамбылдық оқушылар халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

The final spritzer

Жамбылдық оқушылар халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернаты оқушыларынан құрылған команда Халықаралық робототехника байқауында VEX IQ Challenge бағыты бойынша I орынды жеңіп алды. 7-10 қаңтар аралығында Алматы қаласында робототехника бойынша Халықаралық «KAZAKHSTAN International Robotics Competition» сайысы өтті. Байқауда Қазақстан, Испания, АҚШ, Ресей, Жапония, Өзбекстан елдерінен жалпы 22 команда бақ сынасты. Аталған сайысқа елімізден 15 команда қатысты. Оқушылар сайыс талаптарына сәйкес роботтарды арнайы құрылғылармен басқару арқылы мұнара құрды және кодтау жүйесін енгізу арқылы тапсырмаларды өздігінен орындайтын роботтарды ұсынды.