Жамбылдық 2 түлек ҚБТУ грантына ие болды

24

7-12 қаңтар аралығында өткен XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Жалғас Сайлаубай мен Ерасыл Қалдыбек Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 100 пайыздық грантына ие болды.
Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) білікті мамандарды даярлауда көшбасшы саналатын жоғары оқу орны. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингісіне сәйкес ҚБТУ еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындарының үштігіне енген.