Жамбылдық студенттер үздіктер қатарына енді

41

Жамбылдық 3 студент «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының республикалық кезеңінде үздік атанды.

Бұл байқаудың облыстық кезеңінен 17 студент іріктеліп шыққан болатын. Әр өңірдің үздіктері қатар бақ сынаған конкурста жеңімпаздар  онлайн дауыс беру арқылы анықталды.

Талантты жастарды қолдауға және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған байқауда топ жарғандар – Тараз сервис және технология колледжінің 3-курс студенті Талшын Жаханова,  Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгері Майра Базылбаева, Жамбыл политехникалық жоғары колледжіннің үміткері Сұлтанәлі Жамалбек.

Жамбылдық жастар осылайша, «Қазақстан колледждерінің  ТОП-100 студенті» қатарына еніп отыр. Сонымен қатар, олар оқуын бітірген соң өз мамандықтары бойынша кәсіпорын басшыларынан бірден жұмысқа орналасуға шақырту алады.

Жансая Сабыр,

облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің маманы.