Білім

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Осы қаражат есебінен жаңадан білім беру ұйымдарын салу, жаңғырту немесе мектептерге жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен барлығы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 білім беру ұйымының құрылысы қаржыландырылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақ мерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.