«Жылап тұрып қарама»: Айнаның біз білмейтін жантүршігерлік сыры қандай?

114

Бұрын ата-әжелеріміз түнде айнаның бетін жаптырған. Өйткені, ол арқылы басқа әлем жаратылыстары ұйқыда жатқан адамның қуатын сорады екен.

Кiсi қайтқан үйдің iшiндегi айнаны мiндеттi түрде бетiн жаптырады. Өйткенi, өлген адамның жаны айнада қалады деген түсінік қалыптасқан. Айна — біздің әлем мен тылсым әлемінің ортасындағы байланысқа шығатын портал секілді құрал. ⁣ Адам жылап тұрғанда айнаға қарамағаны дұрыс, өйткені айнаның есте сақтайтын қабілеті бар. Кейін сау адам қарағанда бұрынғы жылаған адамның энергиясы кері әсер бередi деп жатады. ⁣ Ескі бiреуден қалған айнаны қолданбаған дұрыс, өйткенi айна иелерінің энергия толқындары сақталып қалуы мүмкін. Айнаны жиі тұзды сумен жуып тазалап тұрған жақсы. ⁣ Көбiне «айнамен жұмыс iсте, өз-өзіңді бағалауды солай үйрен» деген сөздер айтылады. Айнаға кем дегенде күнiне 1 рет қарап «Мен сұлумын», «Мен баймын», «Менiң өмiрiм қуанышқа толы», «Мен сүйiктiмiн», «Менiң жолым болғыш» сынды әдемi сөздерді 8 рет қайталау керек деген де кеңес бар. ⁣ Бiрақ, айнаға жаман кейпіңмен, жылаған түріңмен қарауға болмайды. Тек қана күлiп қарап, жақсы сөйлеу керек. Себебі, айнаға қарап айтылған сөздің бәрі өзіңізге қайтады.

nur.kz