189 мың жамбылдық тұмауға қарсы екпе салдырды
189 мың жамбылдық тұмауға қарсы екпе салдырды
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020-2021 жылғы эпид маусымда тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» 2020 жылғы 5 қыркүйектегі №51 қаулысына сәйкес тұмауға қарсы иммундау компаниясы ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен басталды. Бүгінгі таңда 189 059 тұлға тұмауға қарсы екпе алды (облыс тұрғындарының қамту пайызы 16,35%). Егілгендердің ішінде, жүкті әйелдер – 7088, медицина жұмыскерлер – 19688, 14 жасқа дейнгі балалар – 77310, басқалары – 84973. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі