Алексей Цой ел өңірлеріне қанша вакцина жеткізілгенін айтты

0

Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза жеткізіледі», — деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, сәуір айында қосымша 1,4 млн дозаны жеткізу ескерілген. «Бұл өз кезегінде сәуірде еліміздің 2 миллионға жуық адамын вакциналауға қолжетімдігін қамтамасыз етеді», — деді Алексей Цой.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.