Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегін атады

0

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус өршуінің шырқау шегі қай уақытқа тап келуі мүмкін екендігін мәлім етті.

«Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялаумен қамтуды ескере отырып, коронавирустың таралуының дамуына болжамды өзектендіреді. Кестеге сәйкес вакцинация жалғасқан жағдайдағы оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеліп, сәуірдің соңында шырқау шегіне жететіндігі болжанады», — деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, реалистік сценарий жағдайында және вакцинация кестеге сай жүргізілгенде коронавирус жұқтыру тәулігіне 4 мың жағдайға жетіп, шырқау шегі мамыр айының ортасында орын алуы мүмкін.

«Бірінші кезеңде вакцинация тиімділігі иммунитет қалыптасуына уақыт қажет болуына байланысты шектеулі болады. Одан кейін вакцинация әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпалын тигізеді», — деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.