Johns Hopkins University деректеріне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 002 224-ке жетті.
Өкінішке қарай, қауіпті індеттен 882 053 науқас қайтыс болды. Пандемия басталғалы барлығы 18 миллионнан астам адам індетті жеңіп шықты.
Вирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Онда 6 275 614 адам індет жұқтырды.
Еске сала кетейік, ДДҰ 11 наурызда жаңа Сovid-19 коронавирустық инфекциясын пандемия деп жариялаған еді.